Қылмыс

"Ыстық сумен күйдіретін": Сексуалдық құлдықта болған қыз азапты күндерін еске алды – видео

  • "Ыстық сумен күйдіретін": Сексуалдық құлдықта болған қыз азапты күндерін еске алды – видео

Қаскүнемдер материалдық қиындықтарға тап болған жас қыздарды алдап, Бахрейннің Манама қаласына жөнелткен

Қазақстанның ішкі істер министрлігі Бахрейнде сексуалдық құлдықта болған қыздың сұхбатын жариялады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бахрейнде сексуалдық құлдықта болған қыздардың бірінің сұхбатын видеоның 7:32 минутынан бастап көруге болады.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қыркүйек айында Қазақстан ішкі істер министрлігі адам саудасының халықаралық арнасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топты құрықтаған еді. 

Қаскүнемдер халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан және материалдық қиындықтарға тап болған жас қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды өз дегеніне көндіріп, оларды әрі қарай сату және сексуалдық құлдықта ұстау үшін шекара арқылы Бахрейннің Манама қаласына жөнелткен.

Полиция қызметкерлері тірі тауарды жеткізу арнасын Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Бахрейн Корольдігінің азаматтарынан құрылған оннан астам адамнан тұратын қылмыстық топ ұйымдастырғанын анықтады.

Олар құрбандарына шетелде жалақысы жоғары жұмыс ұсынған, алайда қыздар Бахрейнге жеткеннен кейін бірден сексуалдық құлдыққа түскен.




Көрілген: 1355    Пікірлер: 0

сенбі, 01.05.2021, 22:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30