Қылмыс

Заңбұзушылықтарға бей жай қарамаңыз

  • Заңбұзушылықтарға бей жай қарамаңыз

    Заңбұзушылықтарға бей жай қарамаңыз

 "Адам құқықтарын қорғау" ұйымының Ютуб видеохостингтеріне мониторинг жүргізу тұрақты әдетіне айналған. Жақнда сондай мониторинг жұмыстары барасында Нарымбай Ермек деп аталатын каналдан, "Мынаған қаншама қаражат бөлінді? ШҚО Көкпекті" деген тақырыппен тараған бейнеролик назарымызға ілінді.

Роликте ШҚО Көкпекті ауылында, коронавирусқа байланысты дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатқанын, жүк көлігіне тиелген бөшке мен дәрі сеуіп жүрген маманды көруге болады. Зерттей келе роликтен Әкімшілік құқық бұзушылық фактісінің орын алып тұрғаны анықталды. Сол бейне роликті көрген бойда, 23.04.2020 ж ІІМ Ерлан Тұрғұмбаевтың блогына жедел түрде шара қолдануға өтініш жолдадық. Өтініш жолданған күні ертесіне ШҚО ІІД нен хабарласып, шара қолданатындығын хабарлады. Яғни 24 сағаттың ішінде коронавируспен күресіп жүрген мамандардың заң бұзушылық әрекеттеріне шара қолданылып 36 жастағы жүргізушіге 5 АЕК айыппұл салынды. Ал сол бейне роликте вирусқа қарсы дәріні дұрыс шашпай көз бояушылықпен жұмыс жасап жүрген маманның әрекетіне шара қолдану үшін, Денсаулық Сақтау Министрі Біртановқа өтініш жолданды.
Біздің мекеме алдағы уақытта да Ютуб Видеохостингінде жарияланған заң бұзушыларды жауаптылыққа тартуды жалғастыра береді. Адам құқықтарын қорғау, азаматтық қоғам құру арқылы ғана ізгі қоғам құра аламыз. Сондықтан айналаңыздағы заңбұзушылықтарға бей-жай қарамаңыздар!

Ершат Искандаров, Адам құқықтарын қорғау ЖШС Директоры 




Көрілген: 372    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 18:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31