Қылмыс

Зардап шеккендер бар: Қарағандыда жаппай төбелес болды

  • Зардап шеккендер бар: Қарағандыда жаппай төбелес болды

    Зардап шеккендер бар: Қарағандыда жаппай төбелес болды

Қарағандыда болған жаппай төбелес кезінде үш ер адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің бірі ауруханада жатыр.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Төбелеске қатысушылар басқосу кешін қаланың ойын-сауық мекемелерінің бірінде, бірақ түрлі компанияларда өткізген. Жанжал паб жабылғаннан кейін, көшеде болған.

 
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері төбелесті тоқтатуға мәжбүр болды. Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары төбелеске не себеп болғанын анықтап жатыр.

"Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстады, полиция бөліміне жеткізді. Үш адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жағдай анықталуда", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

Ауруханаға түскен адам бауырынан жарақат алды.

"Қазіргі таңда жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа. Оң динамика байқалады. Жалпы, науқас өзін жақсы сезінеді. Қабылдау кезінде пациенттерден алкогольдік масаңдық куәландырылды. Құқықтық құжаттарға сәйкес барлық талдаулар алынды. Қазіргі уақытта талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Қарағанды облысы травматологиялық қызметінің ахуалдық орталығының меңгерушісі Ерік Шонбаев.

Айта кетейік, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 08:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30