Қылмыс

Заречный түрмесіндегі азаптау ісі: колонияның жеті қызметкері сотталды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы облысы Заречный түрмесіндегі азаптау ісі бойынша колонияның жеті қызметкері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро өткізген брифингте айтылды.

 

3 ақпанда Қапшағай аудандық соты ЛА-155/8 мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі басшысының орынбасары Арман Шабденов пен жедел тәртіп істері жөніндегі басшының орынбасары Аян Жексеновті жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Соттың шешімімен олар жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

 

Сонымен қатар, сот колония басшысының көмекшісі мен төрт жедел қызметкерге қатысты үкім шығарды. Олар бес жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

 

Сотталғандарды азаптағандардың видеосы: Колонияның бес қызметкері ұсталды

 

Еске салайық, былтыр Желіде колония қызметкерлері сотталушыларды спортзалда азаптап жатқаны түсірілген видео тараған еді. Кадрдан басқа әскерилер мен күзетшілерді көруге болады. Осы оқиғадан соң ЛА 155/8 мекемесінің басшысы қызметінен босатылғаны хабарланған еді.

 




Көрілген: 209    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 14:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31