Қылмыс

Зейнеткер замандасын не үшін атып өлтіргенін айтты – Екібастұз

  • Зейнеткер замандасын не үшін атып өлтіргенін айтты – Екібастұз

    Зейнеткер замандасын не үшін атып өлтіргенін айтты – Екібастұз

Екібастұзда өз замандасын атып өлтірген зейнеткердің қанды қылмысқа не үшін барғаны белгілі болды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 65 жастағы күдікті мен марқұмның бұрыннан бас араздығы бар екен.

Жасқайрат Қайыров, Павлодар облыстық ПД бастығының орынбасары: - Ауыр қылмыс жасады деген күдікті, 65 жастағы зейнеткер мен марқұм ескі таныстар болып шықты. Олардың арасында бұрыннан келіспеушілік болып, бір-бірін өлердей жек көрген. Күдіктінің қылмысқа баруына да сол бітпес дау себеп болған.

Бірақ екеуінің не үшін жанжалдасып жүргенін полицейлер ашып айтпады. Белгілісі, олар жиі ерегесетін болған. Ал оның соңы кек алумен аяқталған.

Қайғылы жағдай үш күн бұрын Екібастұз қаласында болған. Бастан аяқ қара киінген күдікті қоқыс тастап қайтып келе жатқан танысын шолақ мылтықпен екі рет атып өлтірген. Жұртың көзінше адам өлтірген азамат оқиға орнынан із суытқанымен, бір тәуліке жетпей қолға түсті. Оның қылмыс жасаған қаруы да тәркіленген. Қазір ол тергеу қапасында.

ktk.kz




Көрілген: 4065    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 09:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30