Қылмыс

Зорлап, ауыр жұмысқа салған: Қарағанды облысында 22 жыл бойы құлдықта болған әйелге үй берілді

  • Зорлап, ауыр жұмысқа салған: Қарағанды облысында 22 жыл бойы құлдықта болған әйелге үй берілді

    Зорлап, ауыр жұмысқа салған: Қарағанды облысында 22 жыл бойы құлдықта болған әйелге үй берілді

Қарағанды облысында 22 жыл бойы құлдықта болған әйелмен оның үш баласына Теміртаудан пәтер берілді, деп хабарлайды «Бесінші арна».

Мадина Аманбаеваны 16 жасында әлдебіреулер алдап, Қарағанды облысына құлдыққа алып кеткен. Онда келіншекті зорлап, ауыр жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Құлдықта болған әйелді «Қайсар» қорының белсенділері босатып алған. Олар Мадинамен қыстыгүні кезігіпті, сол сәтте әйел өзіне көмектесуді өтінген.

«Мені алып кетіңіздерші, шамам қалмады. 22 жылдан бері сиыр сауып келемін» деп қолын көрсетті. Қолы әбден кеуіп, құрғап қалған. Ол кезде әбден әлі кеткен әйел еді. Тәжірибе кезінде оның ақша санай алмайтыны анықталды, өйткені Мадина бұған дейін ешқашан ақша ұстап көрмеген», – дейді «Қайсар» қоғамдық қорының басшысы Оксана Тарабукина.

Құлдықта жүргенде Мадина үш бала босаныпты. Бірақ сәбилерді ферма иелері тартып алыпты. Кейіннен оларды қамқорлық бөлімі арқылы кері қайтару мүмкін болған. Әйелді күң ретінде пайдаланғандарға қатысты іс бес рет жабылыпты. Қазір олардың үстінен алтыншы іс қозғалған.

«Біз соңына дейін барамыз. Қажет болса, президенттен көмек сұраймыз. Әйелді құлдықта ұстағандар жазаларын алуы тиіс. Балалар үйінің қызметкері Мадинаның құлдыққа түсуіне себепші болған. Қызметкер Мадинаны әлгі ауылға алып келген», – деп қосты Оксана Тарабукина.

Мадина Аманабаеваға екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етіліпті.

«Мен өте қуаныштымын. Тіпті, үй беріледі деп ойлаған емеспін. Барлықтарыңызға алғыс айтқым келеді», – деді Мадина.




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

сенбі, 05.06.2021, 23:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31