Қылмыс

"Зорлап, ұрып-соқты". Алматылық келіншек үш жыл бойы құлдықта болғанын айтты

  • "Зорлап, ұрып-соқты". Алматылық келіншек үш жыл бойы құлдықта болғанын айтты

36 жастағы алматылық келіншек Жамбыл облысында 3 жыл бойы құлдықта болғанын айтты. , - деп хабарлайды Almaty TV телеарнасы. 

Алматылық келіншек соңғы 3 жылда көрген азабын көзі жасқа толып, еске алды. Телеарна мәліметінше, жәбірленушіні бұрынғы жұмыс берушісі құлдықта ұстап, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. 

 

Жамбыл облысына жұмыс істеу үшін барған келіншекті жұмыс беруші осыдан екі апта бұрын бір тиынсыз қуып жіберіпті.

"Арағын ішіп, анашасын шегеді де, не істеп, не қойғанын білмейді. Ұрады. Ол үйде екеуімізден басқа адам жоқ. Сонымен ажырататын адам болмай, талай қашып келдім. Бірақ қайтадан алып кетті. Білгенін істейтін, анаша шектіртетін маған. Содан мен есімді жоғалтып аламын да, ұйықтап қалам, білмеймін ештеңе. Ал, ол кісі өзі мені видеоға түсіріп, білгенін істейді екен", - деді жәбірленуші.
Жәбірленушінің сөзінше, кезекті тоқпақтау кезінде 51 жастағы ер адам әйелді кеудесінен қатты ұрып, салдарынан жәбірленуші күрделі ота жасатқан. Келіншек ер адамның есірткіге құмарлығын да жасырмады. Жұмыс беруші бұдан бұрын ол адам өлтіргені үшін істі болған екен.      

"Мен ертең далада қаламын, одан да кете берейін, басқа жұмыс іздейін, ақшаң да, ештеңең де керек емес деген едім, біз үйтеміз-бүйтеміз деді. Білесіңдер ғой, біздің жағдай мықты деген соң, ойымда ешқандай арам ой болған жоқ еді. Сосын өзім жетім, баратын жерім болмаған соң, құрсыншы, бір нәтижие болар, адам боп кетерміз деп, мен бәріне шыдап бақтым. Ал, енді кеше далаға тастаған соң, мен жай отыра алмадым", &ndash деді жәбірленуші.
Ал ер адам келіншекке зорлық-зомбылық көрсеткенін мойындамады.

"Мен оны не үшін ұрамын? Ол маған ешкім емес. Барлығы ауылда менің қандай адам екенімді біледі. Ол өзі маған пышақ ала жүгіретін. Кейде психикалық ауытқуы бар деп күдіктенетінмін. Ол өзі бұған дейін де бұрынғы күйеуімен наша тартатын", &ndash деді Аса ауылының тұрғыны Бақытжан.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.10.2020, 10:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30