Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

15 Желтоқсан

15 желтоқсан 2012, 11:51

Желтоқсанның 15-і
Алаштың атаулы күні
• 1995 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды.
• 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік страте­гиясы бекітілді.
• 5 жыл бұрын (2007) Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық жауынгерлерге арналған монумент ашылды. Душанбенің орталығында орналасқан монументте 35 қазақстандық жауынгер есімі қашап жазылған.
Туған күн иелері
Гүлфайрус Ысмайылова (1929) – Қазақстанның халық суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, кескіндемеші;
Қажымұрат Әбішев (1931) – философия ғылымының докторы, профессор;
Файзолла Оразаев (1938) – Гуманитарлық ғылымдар академиясының президенті, филология ғылымының докторы, профессор;
Аманғали Нысанғалиев (1947) – техника ғылымының докторы, академик, профессор;
Марат Сәрсембаев (1947) –  ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, заң ғылымының докторы;
Аягүл Миразова (1948) – Ы.Алтынсарин атындағы Алматы қалалық №159 гимназияның директоры, Қазақстанның Еңбек Ері;
Бейсембай Ізтілеуов (1949) – экономика ғылымының докторы;
Ахметжан Есімов (1950) – Алматы қаласының әкімі, экономика ғылымының докторы;
Зауытбек Тұрысбеков (1951) – Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі;
Аманжан Тәкешев (1955) – Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі;
Ерұлан Қанапиянов (1958) – сазгер, қоғам қайраткері;
Роза Кәрібжанова (1964) – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары;
Арман Сқабылұлы (1965) – «Хабар» агенттігі» АҚ бас продюсерінің орынбасары;
Асқар Шоманов (1969) – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы, Тәртіптік кеңестің төрағасы.
Желтоқсанның 16-сы
Алаштың атаулы күні
• Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні.
• 1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Тәуелсіздік монументі салта­натты түрде ашылды.
• 12 жыл бұрын (2000) Алматыда ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай ханға ескерткіш ашылды.
• 3 жыл бұрын (2009) Шымкентте Әбілхан Қастеевке арналған ескерткіш орнатылды.
Туған күн иелері
Бибігүл Төлегенова (1929) – Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері;
Ғани Қыстауов (1944) – кинорежиссер, суретші, сценарист;
Әбу Меңлібаев (1947) – техника ғылымының докторы, профессор, академик;
Қадыржан Дамитов (1959) – «Қазақстан қор биржасы» АҚ президенті.
Желтоқсанның 17-сі
Алаштың азалы күні
• 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі құрбандарын еске алу күні.
Туған күн иелері
Ағабек Қарабеков (1950) – медицина ғылымының докторы, профессор;
Қадырхан Отаров (1953) – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы;
Қайрат Зәкерянов (1954) – Қазақтың спорт және туризм академиясының президенті, педагогика ғылымының докторы, профессор, академик;
Тимур Досымбетов (1957) – полковник;
Дүйсенбек Әубәкіров (1962) – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша  қаржылық-бақылау инспекциясының бастығы;
Ерлан Стамбеков (1966) – Қазақстан Өндірісшілер және кәсіпкерлер одағының президенті;
Ержан Жылқыбаев (1982) – Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі аппаратының жетекшісі.
Желтоқсанның 18-і
Алаштың атаулы күні
• Халықаралық көші-қон күні.
Туған күн иелері
Оралбай Әбдікәрімов (1944) – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;
Ардақ Сыдық (1947) – Алматы облысы Қарасай ауданы мәслихатының хатшысы;
Қуат Есімханов (1952) – «Теміржолжылу» АҚ президенті;
Арасанбай Естен (1953) – жазушы;
Әлихан Смайылов (1972) – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы;
Асқар Бегманов (1975) – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы;
Назерке Нысанбаева (1983) – «Алаш айнасы» газетінің хатшы-референті.
Желтоқсанның 19-ы
Алаштың атаулы күні
• 112 жыл бұрын қазақ тілі білімінің негізін қалаушылардың бірі, түркітанушы, педагог-ағартушы, профессор Құдайберген Жұбанов (1899-1938) дүниеге келді.
• 92 жыл бұрын (1920-1942) еліміздің еркіндігін, ар-намысын қорғаған ержүрек перзенттеріміздің бірі, Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров дүниеге келді.
Туған күн иелері
Ерболат Шоқаев (1945) – генерал-майор, Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері;
Сабыр Темірбеков (1946) – генерал-майор;
Серік Шахманов (1957) – полиция полковнигі;
Шолпан Шақабаева (1958) – Маңғыстау облыстық статистика департаментінің бастығы;
Қасымбек Алдияров (1959) – Ақтөбе политехникалық колледжінің директоры;
Сайран Сайфеденов (1974) – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары;
Еркеғали Еденбаев (1975) – «Цесна» корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»