Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

15 Қаңтар

15 қаңтар 2013, 10:39

Қаңтардың 15-і
Алаштың атаулы күні
• 1725 Әбілқайыр хан қазақтардың басын қосып, Түркістанды жоңғарлардан азат етті.
• 102 жыл бұрын (1911-1990) қоғам және мемлекет қайраткері Шолақ Артығалиев дүниеге келді.
• 1934 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті құрылды.
• 75 жыл бұрын (1938) Павлодар облысы құрылды.
Діндердің Бүкіләлемдік күні. БҰҰ-ның бастамасымен 1950 жылдан бастап қаңтардың үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Туған күн иелері 
Мәлік-Айдар Асылбеков (1929) – тарих ғылымының докторы, профессор, академик;
Әбдінұр Асылбеков (1948) – Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы;
Иманәлі Байдәулет (1948) – медицина ғылымының докторы;
Мырзагелді Кемел (1949) – экономика ғылымының докторы;
Қанат Ермекбаев (1951) – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы;
Әсет Әділхан (1952) –  ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі;
Мұрат Мыңбаев (1956) – техника ғылымының докторы, профессор;
Данияр Әшімбаев (1976) – саясаттанушы, Қазақстан биографиялық энциклопедиясының бас редакторы;
Серік Әбденов (1977) – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Алтай Көлгінов (1978) – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»