Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

22 Желтоқсан

22 желтоқсан 2012, 13:44

Желтоқсанның 22-сі
Алаштың атаулы күні
• Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Бақтыгерей Құлмановтың (1859-1919) туғанына – 153 жыл. Жәңгір мектебін, Санкт-Петербургтегі император университетінің шығыс факультетін тәмамдаған. 1887 жылы ғылым кандидаты атағын алған. І Мемлекеттік және ІІ Мемлекеттік Думаның депутаты, мұсылман фракциясын басқарған. 1917 жылы Бөкей ордасындағы уақытша үкіметтің комиссары болды. 1917 жылғы желтоқсанның 3-7 аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде президиум басқарып, Алашорда үкіметінің төрағалығына Ә.Бөкейхановпен бірге ұсынылды.
• 20 жыл бұрын (1992) «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және қорғанысы туралы» Заң қабылданды.
Туған күн иелері
Виктор Мейстер (1947) – Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары;
Сансызбай Үмбетәлиев (1948) – ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы, ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі;
Сапарбек Сахов (1950) – Шымкент қаласындағы №5 кәсiптiк лицейдiң директоры, тарих ғылымының кандидаты;
Серік Еркінов (1952) – заң ғылымының докторы, профессор, полиция генерал-майоры;
Серікжан Қанаев (1953) – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясаттану ғылымының докторы, профессор, қоғам қайраткері;
Омархан Өксікбаев (1954) – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Махметқали Сарыбеков (1956) – педагогика ғылымының докторы, профессор;
Дәуітәлі Омашұлы (1958) – ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының бөлім бастығы;
Гүлнәзира Мұхтарова (1961) – Атырау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция полковнигі;
Нәзира Тәбелдинова (1962) – Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының бастығы;
Марат Ахметжанов (1964) – ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы, ІІІ дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі;
Әсия Қыстаубаева (1964) – Атырау облыстық статистика басқармасының бастығы; 
Қанат Досмұқаметов (1973) – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры;
Азат Бектұров (1976) – ҚР көлік және коммуникация вице-министрі.
Желтоқсанның 23-і
Алаштың атаулы күні
• 1994 жылы Алматы қалалық №12 қазақ орта мектебіне ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.
Туған күн иелері
Уақап Қыдырханұлы (1932) – жазушы, аудармашы, Құранды алғаш қазақ тіліне аударғандардың бірі;
Алтыншаш Жағанова (1943) – жазушы, драматург, қоғам қайраткері;
Ерболат Әуезов (1952) – Алматы қаласы мәдениет басқармасы бастығының орынбасары;
Ольга Шишигина (1968) – Сидней Олимпиадасының чемпионы;
Серік Құлмұхамедов (1975) – «Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
Ғани Мырзалиев (1977) – ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты кадр және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;
Тоқтар Кенжеғалиев (1977) – «Алаш айнасы» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі;
Төлеген Ахметов (1978) – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының жетекшісі;
Азамат Сафималиев (1979) – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары.
Желтоқсанның 24-і
Алаштың атаулы күні
• 102 жыл бұрын (1910-1982) даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бауыржан Момышұлы дүниеге келді.
• 92 жыл бұрын (1920-1984) фтизиатр-хирург, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылыми қызметкері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері Әйкен Терлікбаев дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
• 14 жыл бұрын (1998) «Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы» Заңы жарияланды.
• 3 жыл бұрын (2009) Ақтауда Иран Ислам Республикасының елшілігі ашылды.
Туған күн иелері
Қайыр Омаров (1933) – ҚР дипломатия қызметінің еңбек сіңірген қызметкері;
Айтқали Есенғұлов (1943) – Запастағы әскери қызметкерлер одағының төрағасы, генерал-майор;
Медғат Құлжанов (1946) – «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, меценат;
Жанболат Аупбаев (1951) – «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы;
Нұртас Шманов (1956) – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ көлік инфрақұрылымы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары;
Ахан Әбжәлелов (1959) – биология ғылымының докторы, профессор;
Берік Саяхов (1959) – «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС атқарушы директоры.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»