Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

8 Желтоқсан

08 желтоқсан 2012, 11:15

Желтоқсанның 8-і
Алаштың атаулы күні
• 87 жыл бұрын (1925-2009) тарих ғылымының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, КСРО Жоғары мектебінің үздігі Мүштай Батырбеков дүниеге келді.
• 18 жыл бұрын (1994) Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына орай, оқу орнының бас ғимараты алдына әл-Фараби ескерткіші орнатылды.
• 12 жыл бұрын (2000) Париждегі ЮНЕСКО үйінде Түркістан күндері өткізілді.
Туған күн иелері
Рахым Оразалиев (1935) – биология ғылымының докторы, профессор, академик;
Болат Хабижанов (1939) – педиатр-ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері;
Сағындық Жүрсімбаев (1940) – заң ғылымының докторы, профессор, ІІІ дәрежелі әділет кеңесшісі;
Болат Ыбыраев (1951) – полиция полковнигі;
Болат Сауранбаев (1955) – Global Building Contract ЖШС директоры;
Игілік Жалбыров (1957) – «Найза-құрылыс» Концерн» ЖШС басқарма төрағасы;
Бану Нұрғазиева (1959) – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры;
Ерболат Мұқаев (1961) – ҚР Парламенті Сенатының депутаты;
Арман Айдарханов (1963) –  медицина ғылымының докторы, профессор;
Ахмедбек Ахметжанов (1966) – Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі;
Рүстем Баширов (1975) – Павлодар облыстық құрылыс басқармасының бастығы;
Серік Саудабаев (1977) – «Қазақтелеком» АҚ және «Қазпочта» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
Желтоқсанның 9-ы
Алаштың атаулы күні
• 21 жыл бұрын (1991) Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қаулысымен Қазақстанның А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып өзгертілді.
• 16 жыл бұрын (1996) Елбасы Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгі – Халық Қаһарманы атағы берілді.
• 4 жыл бұрын (2008) Қарағандыда ұлы ғалым және ойшыл Абайға арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына ҚР Президенті Н.Назарбаев қатысты.
• Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні.
Туған күн иелері
Кеңес Бейсебаев (1938) – профессор, академик, полковник;
Нәдірбек Әпсалямов (1941) – экономика ғылымының докторы, профессор, академик;
Саин Каменов (1950) – Павлодар облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы;
Батырбек Ахметов (1954) – Қостанай облысы Алтынсарин ауданының әкімі;
Райымхан Өзбекғалиев (1955) – полиция генерал-майоры;
Иманғали Тасмағамбетов (1956) – Астана қаласының әкімі, саясаттану ғылымының докторы;
Эрнест Еспенбетов (1966) – Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры;
Тимур Жанқобаев (1967) – «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары; 
Бейсен Құранбек (1971) – белгілі журналист, «Айтуға оңай...» бағдарламасының жүргізушісі, ҚР Президенті сыйлығының иегері;
Индира Бабатаева (1980) – шахматшы, халықаралық шебер, шахмат қайраткері, жаттықтырушы.
Желтоқсанның 10-ы
Алаштың атаулы күні
• 21 жыл бұрын (1991) Алматыда ашылған Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясында Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атауға шешім қабылдады.
• 1991 жылы Алматыдағы Республика сарайында бүкіл халық сайлаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Елбасы қызметіне кірісуіне арналған республика Жоғарғы Кеңесінің салтанатты мәжілісі болып өтті. Президент ата-баба салтымен ақ киіздің үстіне көтеріліп, абыз ақын Шәкір Әбеновтен бата алып, халық алдында ант берді.
• Адам құқын қорғаудың халықаралық күні.
• Футболдың бүкілдүниежүзілік күні.
Туған күн иелері
Сапар Мүтәләпов (1941) – Қазақстанға еңбегі сіңген құрметті теміржолшы, еңбек ардагері;
Мұхтар Алтынбаев (1945) – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, әскери қайраткер, Халық Қаһарманы;
Несіп Жүнісбаев (1950) – «Спорт» газетінің бас директоры, Қазақстан спорт журналистері қауымдастығының президенті;
Асуат Насыров (1950) – Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары;
Ардақ Әмірқұлов (1955) – кинорежиссер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Маратқали Нүкенов (1955) – генерал-майор;
Жалғасбек Маратұлы (1959) – «Қазақстан» РТРК Ақмола облыстық филиалының директоры;
Мұрат Телеуов (1960) – медицина ғылымының докторы, профессор;
Мақсат Рамазанұлы (1984) – жазушы.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»