Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

8 Маусым

08 маусым 2011, 10:32

Маусымның 8-і
Алаштың атаулы күні

• 13 жыл бұрын (1998) Астанада Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ескерткішінің ашылу рәсімі болды. Ескерткіш авторы – мүсінші Мұрат Мансұров.
• 12 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығын иеленді.
• Дүниежүзілік мұхиттар күні.
Туған күн иелері
Юлдаш Азаматов (1947) – «Уйғыр авази» газетінің бас редакторы;
Рысбек Сәрсенбайұлы (1951) – «Жас  Алаш» газетінің бас редакторы, журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері;
Әкімгерей Серғалин (1951) – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан аумақтық басқармасының бастығы – Тәртіптік кеңестің төрағасы;
Бағлан Баймағамбетов (1953) – Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Ақтөбе облыстық басқармасының бастығы;
Нұрлыбек Иманбаев (1953) – «Құрманғазы Петролеум» ЖШС бас директоры;
Абай Мауқараұлы (1955) – ақын;
Арман Жалмұханбетов (1961) – Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры;
Нұрлан Жылқайдаров (1966) – Республикалық Ұлан қолбасшысының орынбасары, полковник;
Қайрат Сарыбай (1966) – сыртқы істер министрінің орынбасары;
Ерлан Арынов (1966) – «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасы;
Ерлан Баударбек-Қожатаев (1967) – Қазақстанның Сингапурдегі Төтенше және өкілетті елшісі.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры
АРМАН – қазақ халқы сәби дүниеге келгенде, ата-анасының арман-мақсаты орындалса немесе ұзақ уақыт бойы сәби сүймеген отбасының шаңырағы шаттыққа бөленгенде, осы есімді береді. «Баламыз биіктерді бағындырсын, қамшының сабындай қысқа өмірде өзінің арманына жетсін» деген тікелей тілекпен де қойылады.