17-18-19 маусым күндері «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклінің премьерасы өтеді

14 маусым 2022, 21:03

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

 

17-18-19 маусым күндері сағат 19.00-де «БАЯН СҰЛУ – ҚОЗЫ КӨРПЕШ» спектаклінің ПРЕМЬЕРАСЫН ұсынады.

 

Қаллеки театры маусым айында көрермендеріне кезекті премьераны ұсынады.

Қазақ драматургиясының зор мұрасының бірі – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» туындысы жас режиссер Гүлназ Балпейісованың режиссерлік нұсқауында заманауи бағытта қалың көрерменге ұсынылмақ.

Гүлназ Балпейісова әлемдік режиссураның алыбы, реформатор Римас Туминастың төл шәкірті. Бүгінде Мәскеудің Е.Вахтангов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының жетекші режиссерлерінің бірі ретінде табысты қызмет етіп жүрген талантты ару жақында Қарағандының С.Сейфуллин атындағы мемлекетттік академиялық драма театрында М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясын қойып, енді бас қаламызда Қаллеки театры сахнасында «Баян Сұлу –Қозы Көрпеш» туындысын дайындауда.

Қойылымға дайындық жұмыстары екі ай уақыт жүргізілді.

Авторы: Ғ.Мүсірепов

Режиссері – Г.Балпейісова.

Рөлдерде:   

Қозы Көрпеш – Марғұлан Наменов

Баян Сұлу – Ақниет Орынтай

Мақпал – Алтынай Нөгербек

Күнікей – Арай Амантауова

Таңсық – Бегімнұр Қалила

              Айнұр Жетпісбаева

Қарабай – Жанқалдыбек Төленбаев

Жантық -  Олжас Жақыпбек

              Әнуар Бектас

Қодар -  Бекарыс Шалқар

Айдар – Қайыржан Садықов

Таңқы – Ақжол Мамыр

Жарқын – Шах-Мұрат Ордабаев

Жасұлан Ерболат

Жолбарыс – Нұрсұлтан Есен

Қыздар – Айнұр Жетпісбаева

Бегімнұр Қалила

Маржан-Нұр Макибаева

 

Талай жан оның жайын ұға алмаған,

Ойсыздың жүрегіне жұға алмаған...