25 қараша, жұмаға арналған ауа райы

25 қараша 2022, 08:30

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінен Атлантика циклонының өтуіне байланысты қар түрінде жауын-шашын сақталады. Елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
 
Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста бұрқасын болжанады. 

Қазгидромет мәліметінше, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қарағанды облысының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде мол қар жауады.