Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

25 қыркүйекте Алматыда жолдардың бір бөлігі жабылады

22 қыркүйек 2022, 14:59

25 қыркүйекте Алматыда жыл сайынғы "Алматы марафоны" өтеді. Жарыс болатын күні қаладағы кейбір жол учаскісінде көлік қозғалысы жартылай тоқтатылады, - деп хабарлайды  Alashainasy.kz baribar.kz  сайтына сілтеме жасап.

 

24 қыркүйек 6.00-ден бастап 25 қыркүйек 18.00-ге дейін марафон өтетін жерлердегі жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

 

«Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өту шамасына қарай жолдар ашылып отырады. Марафонның сөресі мен мәресі Республика алаңында болады, сондықтан 24 қыркүйек 6.00-ден бастап 25 қыркүйек 18.00-ге дейін Сәтбаев көшесінде Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде екі қозғалыс жолағы да жабылады», — деді «Алматы марафоны» баспасөз қызметі

 

25 қыркүйекте мына жолдарда қозғалыс шектеледі:

 

·         Назарбаев даңғылында Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі жол бөлігінде 7.00-ден 10.40-қа дейін қозғалыс толық жабылады.

·         Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі жол бөлігінде шара өтетін күні 7.00-ден 8.45-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

·         Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі жол бөлігінде 7.00-ден 11.10-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

·         Әл-Фараби даңғылында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейінгі жол бөлігінде 7.00-ден 13.30-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

·         Саин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде 7.00-ден 13.30-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

·         Абай даңғылында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде 7.00-ден 13.00-ге дейін қозғалыс ішінара жабылады, даңғылдың солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

·         Байтұрсынов көшесінде Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде  7.00-ден 14.00-ге дейін қозғалыс толық жабылады.

·         Сәтбаев көшесінде Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде 7.00-ден 10.35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

·         Сәтбаев көшесінде Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі жол бөлігінде 7.00-ден 13.30-ға дейін қозғалыс толық жабылады.

·         Байзақов көшесінде Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде  7.00-ден 10.35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

·         Тимирязев көшесінде Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі жол бөлігінде  7.00-ден 10.35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

·         Шашкин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі жол бөлігінде 7.00-ден 10.35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

 

Сонымен қатар ұйымдастыру комитеті Республика алаңына автокөлікпен жету бағытын ұсынды:

 

1.       Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін

2.       Сәтбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Назарбаев даңғылына дейін

3.       Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін

4.       Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы Тауға дейін көлікпен жетіп, Алаңға дейін жаяу бару

5.       Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін

6.       Шевченко және Құрманғазы көшелерінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін

7.       Метромен «Абай» станциясына дейін.