250 мың теңге болған: Министр Қуантыров ай сайын азық-түлікке қанша ақша жұмсайды?

26 желтоқсан 2022, 13:00

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ай сайын азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын  айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
 
 
Инфляцияның бір ұшы ел экономикасын үйлестіретін ведомствоның басшысына да тиген сыңайлы.

Ай сайын азық-түлікке жұмсайтын қаражат біршама өсті. Оған сіздер маған сұрақ қойып жүретін мандариндердің бағасы да әсер етті. Біраз бар. Жемістің маусымдылығы да әсер етпей қоймады. 10 пайызға, тіпті одан да көбірек (шығындар – ред.) өскен сияқты, - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында. 


Теңгемен айтатын болсам, айына тамаққа 250 мың теңге жұмсалып жүрген болса, желтоқсанда (шығын – ред.) 25-30 пайызға ұлғайды, - деді Әлібек Қуантыров.