4 маусымда ауа райы қандай болады

03 маусым 2022, 21:55

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның батысынан басқа өңірлерде жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.


Өңірлердегі ауа райы

Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз оңтүстігі, шығысы мен орталығында бұршақ жауады деп болжанып отыр.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады, шығысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін.

Түркістан облысының тауларында дауыл, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігі мен таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады, түнде солтүстігінде күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде бұршақ жауады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында бұршақ жауып, дауыл тұрады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

Түнде Жамбыл облысының оңтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді деп жоспарланып отыр.

Қызылорда ​​облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

sputnik.kz