Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Агенттік Кәрім Мәсімовтің інісіне қатысты тың мәлімет таратты

26 желтоқсан 2022, 11:01

Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы, полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты тергеу ісі аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы, полиция генерал-майоры Н.Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимов және кәсіпкер Е.Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда», – делінген агенттіктің ресми хабарламасында.


Нұрлан Мәсімов Қаңтар оқиғасынан кейін Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті. Кейіннен Ресейдің шекарасынан ұсталды. Нұрлан Мәсімов – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің інісі.

aikyn.kz