Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Air Astana компаниясына байланысты әкімшілік іс қозғалды

28 желтоқсан 2022, 09:51

Авиабилет бағасы бойынша биыл Бас прокуратура "Air Astana" әуе компаниясына қатысты тексеруді қолға алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бас прокуратура мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бірлесіп "Air Astana" әуе компаниясына қатысты тергеу жүргізген. Бұл туралы осы агенттіктің төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтты.


Жұмыс тобына маман ретінде бізді де тартты. Бәсекелестік заңнамасының сақталуы бойынша тексеру жүргіздік. Нәтижесінде біз өз қорытындымызды және Бас прокуратура өз қорытындысын ұсынды. "Air Astana" әуе компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғадық, — дейді Болат Сәмбетов.


Бүгінде аталған іс әкімшілік сотта қаралып жатыр екен. Оның шешімі туралы қосымша хабар беремін деді.