Ақмола облысындағы 100-ге жуық көше атауы қазақшаланды, - деп хабарлады 24.kz.
Бұдан бөлек 20 елді мекен мен 198 көше қайта тарихи атауын алады. Атап айтсақ, аймақтағы Маринова ауылы Амантай, Ерголка - Тоқтамыс, Самарка - Бөріктал ауылы болып өзгертілмек. Ал Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларының 54 көшесін қайта атау мәселесі Республикалық ономастика комиссиясына жолданды. Сондай-ақ 32 білім ошағы мен 1 спорт мектебіне Ұлы тұлғалардың есімі беріледі.
Айгүл Талпақова, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы: - Біз елді мекендердің қайта атау барысында негізінен ғылыми деректерге сүйенеміз. Омбы мұрағатынан табылған карталар негізінде жинақталған Ақмола облысының «Топоника» кітабында көптеген деректер келтірілген. Яғни біз өз жұмысымызда осы жинақты басшылыққа аламыз. Елді мекенді қайта атау барысында ең алдымен халық арасында түсініктемі жұмыстары жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілерде ежелгі атау туралы ақпараттар толық жарияланады.