«Толғау» ЖШС-нің «https://alashainasy.kz/» сайтындағы Интернет алаңдарын 2023 жылдың 14 қаңтарына жоспарланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға ұсынудың жалпы шарттары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық Заңына сәйкес, 2023 жылғы 14 қаңтардағы кезекті сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 4 Жарлығы негізінде «Толғау» ЖШС – https://alashainasy.kz/» сайтының (бұдан әрі – Сайт) иесі 2023 жылдың «14» қаңтарға белгіленген кезекті сайлауда Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын (бұдан әрі – үгіт-насихат материалдары) сайтқа орналастыру үшін Интернет алаңдарын ұсыну төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ақпарат береді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіті 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18:00-ден басталып, 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 00:00-ге дейін жалғасады, осылайша үгіт материалдарын эфирде орналастыру радиостанциялар көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
Сайт жазбаша өтініш пен сайттың меншік иесі мен Кандидат немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалатын шарт негізінде Интернет алаңын ұсынады. Үгіт-насихат материалдарының саны мен орналастыру кезеңі Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта белгіленеді.
Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезек тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмір мен өтініштің келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру тәртібі жазбаша өтініштерді қабылдау немесе өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда жеребе бойынша қабылдау арқылы белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Сайт анықтайды.
Сайтқа үгіт материалдары орналастырылған күнге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпаратты берген тұлғаның аты-жөні көрсетілуі тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне өздері жауапты болады.
Сайт иесі үгіт материалдарында конституция құрылысын күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық өшпенділік, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол беру, заңда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сенат депутаттығына үміткер басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер болса, үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Үміткер Сайт иесінің талабы бойынша жоғарыда сипатталған материалдарда қамтылған ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Осы ақпарат хабарламасында көрсетілген Интернет кеңістігін ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Сайтта үгіт материалдарын орналастыру құны:
1) мақала (2 500 символдан артық емес, көлемі 1600х900 пиксель үш фотодан артық емес) - 150 000 (бір жүз елу мың) теңге, ҚҚС қоса алғанда;
2) баннерлер (1000 көрсетілім) - 500 (бес жүз) теңге, ҚҚС қоса алғанда, баннерлердің көлеміне қарамастан.
Сайттың компьютерлік нұсқасындағы баннерлердің өлшемдері: 1000x100(тура), 240x400(тура), 720x120 (тура). Орналастырылған материалдар Desktop нұсқасында қолжетімді болады.
Сайтта үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша ақы төлеу шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сайттың меншік иесі ұсынған төлем шотының негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Сенат депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын сайтқа орналастыруға жазбаша өтініштерді сайттың меншік иесі тіркелген кандидаттардан 2022 жылғы 21 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Алматы қаласы, Мыңбаев көшесі, 151-үй (тоғызыншы қабат) мекенжайы бойынша қабылдайды. Өтініштер күн сайын, жұмыс күндері 10 сағат 00 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін қабылданады.
Факспен және Интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.
Барлық материалдар «Үгіт материалы» белгісімен сүйемелденеді.
«Толғау» ЖШС