Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

21 желтоқсан 2022, 12:26

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Онда өнеркәсіп саласындағы активтерді мемлекет меншігіне қайтару және жүк т/ж қызметтерін көрсетудің жекелеген салаларын демонополизациялау жөніндегі шаралар талқыланды.

Премьер-Министр қорытынды шешімдер қабылдау үшін жауапты мемлекеттік органдар еліміздің экономикалық мүддесін ескере отырып, отырыста айтылған ұсыныстарды қосымша пысықтауы қажет екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы бізден байыпты және әділ шешімдер күтеді. Қарастырылып отырған әрбір жағдай бойынша нақты нәтижелер қажет. Осы орайда әріптестерімізден Комиссияның шешімдерін белгіленген мерзімде сапалы түрде пысықтауды қамтамасыз етуді сұраймын», — деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар қатысушылар Комиссияның биылғы шешімдерінің орындалуы туралы есепті тыңдады.

 
 25 отырыстың қорытындысы бойынша 124 тапсырма берілген, оның 93-і орындалды, қалғаны орындалу сатысында.