Сәрсенбі, 21 желтоқсанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартимен кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Үкіметінің ресми тelegram-каналына сілтеме жасап.
Республикадағы ағымдағы экономикалық ахуал, Үкіметтің инфляцияны төмендету, білім беру және денсаулық сақтау салаларында ЭЫДҰ стандарттарын енгізу, жалпы экономиканы дамыту жөніндегі шаралары, сондай-ақ келесі жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.
Сонымен қатар тараптар инвестициялар тарту және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша әңгіме өрбітті.