Алматы әуежайына Қонаев есімін беру ұсынылды

28 сәуір 2022, 09:03

Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуі мүмкін. Мұны Қазақстан Халық партиясының бір топ депутаты ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Депутаттар әуежайға Қонаев есімін беру туралы сауалды вице-премьер Роман Склярға жолдаған.

 
16 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев егер халық бастама көтерсе, Қапшағай қаласының атын Қонаев деп өзгерту ұсынысына қосылатынын мәлімдеді. 24 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының отырысы өтіп, онда дауыс беру қорытындысы бойынша Қапшағайдың атауын "Дінмұхамед Қонаев" деп өзгерту туралы бірауыздан шешім қабылданды.