Алматы маңындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, сел жүруі мүмкін

04 мамыр 2022, 09:20

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК жариялаған ескертуге сәйкес Алматы қаласында 4 мамыр кешке және 5 мамыр түнде нөсер жаңбыр жауады.

4 мамыр танертең және күндіз, 5 мамыр тәулік бойы найзағай жарқылдайды. 5 мамыр бұршақ жауады.

Солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

«Сонымен қатар, таулы өңірлерде қатты жауын-шашын жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты 2022 жылдың 4-6 мамыр аралығында Алматы облысының және Алматы қаласының маңындағы таулы аудандарда тау баурайында сел жүруі мүмкін. Өзендерде су деңгейі көтеріледі. Абай болыңыздар!» деп ескертеді төтенше жағдайлар департаменті.