Алматы облысында арыстанның 2 күшігін асыраған жігіт ұсталды

04 мамыр 2023, 16:46

Алматы облысының тұрғыны үйінде арыстанның екі күшігін заңсыз ұстаған деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, бүгін ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматты анықтады.

«Аталған дерек ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді. Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі», – делінген хабарламада.