Алматы облысы әкімдігінің аппараты Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа көшті. Бұрын ол жерде казино болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы облысының әкімдігі Индустриальная көшесі 16/4 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимаратты жалға алады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.
Бұл ғимаратта бұрын Royal Plaza ойын мекемесі болған.
"Оның жабылғанына біраз болған және меншік иесі ғимаратты кеңсеге арналған әкімшілік ғимаратқа ауыстырды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, сәуірде Алматы облысының әкімдігі "Фламинго" казиносын уақытша жалға алатыны туралы хабар тараған болатын. Алайда ол кезде әкімдік өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.