«Алматы – Петропавл» бағытындағы пойызды орта жолда шұғыл тоқтатты

21 қыркүйек 2022, 09:50

Бүгін техникалық себептерге байланысты «Астана-Петропавл» учаскесінде №105 «Алматы – Петропавл» пойызы орта жолда тоқтап қалды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше сағат 04.27-де «Алматы-Петропавл» бағытындағы №105 жолаушылар пойызы «Қарағанды-Астана» учаскесінде шұғыл тоқтаған, техникалық вагонның ақауына байланысты аялдауға мәжбүр болған.

Пойыздағы жолаушының сыйымдылығы – 53%. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттарына сәйкес, жолаушыларды межелі орындарына жеткізуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысып жатыр.

«Алматы-2-Нұр-Сұлтан» бағытындағы №3 пойызға Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол станциясына дейін, одан әрі Петропавл станциясына дейін жолаушыларды ауыстырып отырғызу жоспарлануда.

Тергеу жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ арнайы комиссия құрды.

aikyn.kz