Алматы тауларында қатты жел тұрып, найзағай ойнайды деп күтіледі

23 сәуір 2022, 12:44

23 сәуірде Алматы маңындағы тауларда дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер найзағай жарқылдап, екпінді жел тұратынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз Алматы тауларында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін, - деп ескертті қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Іле Алатауы мен Жетісу Алатауы тауларында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с құрайды.

Қырғыз Алатауында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Талас Алатауында да найзағай жарқылдап, дауыл тұрады деп күтіледі.

Тарбағатайда солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ойысады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Алдында "Қазгидромет" РМК Алматы тауларында, сондай-ақ еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған болатын.