Алматыда бірқатар автотұрақтар тегін болады

07 мамыр 2022, 02:10

Жүргізушілер 7 мамырдан бастап Алматы базарлары маңындағы тұрақтарға көлік қойғаны үшін ақы төлемейді.

Барахолка мен "Нұрлы тау" бизнес орталығындағы бірқатар базарларда көлік тұрағы үшін төлем алынбайды, деп хабарлайды Экспресс К.

2017 жылғы 25 қазандағы №119-шы, 2021 жылғы 16 қарашадағы № 71/1-ші, 2021 жылдың 25 қарашадағы № 74/1-ші Алматы қаласының алаң типіндегі ақылы автотұрақтарды пайдалануға және абаттандыруға жер учаскелерін беру шарттарының бұзылуына байланысты "AlanParking" ЖШС 2022 жылдың 7 мамырынан бастап келесі базарларда орналасқан алаңдық үлгідегі ақылы автотұрақтарды әкімшілендіру қызметін тоқтатады:

• "Нұрлы Тау" БК;

• "Барыс" сауда орталығы;

• "Олжа" сауда орталығы;

• "Адем" сауда орталығы;

• "Арлан"/"Қазына" сауда орталығы;

• "Ялян" сауда орталығы;

• "Алатау-1" сауда орталығы;

• "Алатау-2" сауда орталығы;

• "Болашақ" сауда орталығы;

• "Ақ-Бұлақ" сауда орталығы.