Алматыда екі көшенің қилысында қозғалыс уақытша шектеледі

14 сәуір 2022, 11:16

16 сәуір сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 6.00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


Аталған жерде жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апаттық жұмыстар жүргізу (жабынның апаттық тақталарын ауыстыру) үшін уақытша шектеулер енгізіледі, - деп мәлімдеді «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Ведомство қала тұрғындарынан мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.