Алматыда ер адамдар жолда төбелесіп қалды

05 мамыр 2022, 10:55

Әлеуметтік желіде жолда төбелесіп жатқан екі ер адамның видеосы пайда болды. Төбелес алдында жол оқиғасы болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Telegram-арнасында жанжалға түскен тараптардың анықталғанын жазды.

Құқық бұзушының әрекетіне құқықтық баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинауды және бекітуді қамтамасыз ету тапсырылды, - деді Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов

Оның атап өтуінше, тексерудің барысы мен қорытындысы қалалық полиция департаментінде бақылауға алынды.