Алматыдағы негізгі мәдени іс-шара 31 желтоқсанда «Астана» алаңында өтеді. Сағат 21:00-ден 23:50-ге дейін қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт болады. Президенттің құттықтау сөзінен кейін мерекелік отшашу басталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Алматы қаласының әкімдігінің телеграм арнасына сілтеме жасап.
⠀
⠀
Республика Сарайының жанында 20 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін жаңа жылдық фестиваль өтеді. Абай алаңында 26 сәндік кіші сәулет пішіндер, фотоаймақтар, түрлі дүкендер мен мейрамханасы бар 30 шағын үй орнатылған.
⠀
Жаңа жылдық жәрмеңкеде қазақстандық қолөнершілер мен дизайнерлердің ерекше сыйлығын таңдап алуға болады. Мұнда танымал заманауи музыканттар мен орындаушылар өнер көрсетеді.
⠀
Қала аудандарында шыршалар орнатылып, конькимен сырғанау мұз айдындары ашылған, жәрмеңкелер мен концерттер өтеді. Қала бойынша биіктігі 1 метрден 2,5 метрге дейінгі ертегі кейіпкерлерінің 40 көлемді фигурасы орнатылды. Толығырақ картамыздан көріңіз.