Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда және қала маңындағы бірнеше елді мекенде су болмайды

19 мамыр 2023, 23:40

 Келер аптада Алматы қаласы мен облысының тұрғын үй алаптары суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» кәсіпорнының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолы қиылысында жол-көлік айрығын салу жұмыстары шеңберінде үш кезең бойынша құрылыс орындары астынан Д-1400 мм, Д-1200 мм су тартқыштарын шығару жұмысы жүргізіледі», - деп хабарлады компания.

Жұмыстың бірінші кезеңінде, яғни 21 мамыр сағат 22:00-ден 23 мамыр сағат 09:00-ге дейін төменде көрсетілген аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:

- Түрксіб ауданы «Нұршашқан», «Қайрат» шағынаудандары;

- Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ, Гүлдала, Луч, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш елді мекендері;

- «Аспан Сити», «Алтын Сити», «Нұрия», «Достар», «Nomad City», «Tomarix City», «Бесағаш» тұрғын үй кешендері, Құлжа тасжолы бойында орналасқан коммерциялық нысандар (қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және т.б.);

Екінші кезең 24 мамыр сағат 23:00-ден 26 мамыр сағат 9:00-ге дейін созылады. Ол кезде «Nomad city» ТК суық судан ажыратылады.

Жұмыстың соңғы үшінші кезеңі аясында 28 мамыр сағат 22:00-ден 30 мамыр сағат 09:00-ге дейін төмендегі мекенжайларда суық су болмайды:

- Түрксіб ауданы «Нұршашқан», «Қайрат» шағынаудандары;

- Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ, Гүлдала, Лучь, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш елді мекендері;

- «Аспан Сити», «Алтын Сити», «Нұрия», «Достар», «Nomad City», «Tomarix City», «Бесағаш» тұрғын үй кешендері, Құлжа жолының бойында орналасқан коммерциялық нысандар (қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және т.б.).

«Алматы су» кәсіпорны уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінеді.