Алматыда Мөңке би көшесінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Қалалық мобилділік басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, "Саин көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Мөңке би көшесінің көлік қозғалысының сұлбасына келесі өзгерістер енгізіледі:
2022 жылғы 1 қазан сағат 22-00-ден 2023 жылғы 1 маусымға дейін Мөңке би көшесінің бойымен айналма жолдан Мәмбетов көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылады.
Көлік қозғалысы солтүстік және шығыс бағыттарда Ақын Сара және Момышұлы көшелері, айналма жол арқылы жүзеге асырылады.
Іргелес көшелермен көлік қозғалысы өзгеріссіз жүргізіледі.
"Жұмыстар жол-құрылыс жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз", - делінген хабарламада.