Алматыда күн қашан жылынады?

04 мамыр 2023, 18:07

Қазгидромет филиалының жетекші синоптигі Алматыда ауа райы қашан жылы болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 мамыр - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 1-3 градус үсік болады, күндіз 12-14 градус жылы.

 
 
6 мамыр - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 17-19 градус жылы.

7 мамыр - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 18-20 градус жылы.