Қатты алаңдауға негіз жоқ. 22 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрлігі еліміздің оңтүстік өңірлерінде ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» сынды үш бірдей оқу-жаттығулары өткелі жатқанын мәлімдеген, деп хабарлайды Alashainasy.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 22-30 қыркүйек аралығында елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады.
Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады.