Алматылықтарға демалыс күндері сыртқа шықпау ескертілді

13 мамыр 2022, 22:36

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда дауылды ескерту жарияланды. Нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қатты жел тұрады деп күтіледі.

Қалалық ТЖД 15 мамырда бұршақ жауатынын ескертті. Батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қолайсыз ауа райы кезінде ғимараттар мен орын-жайларда болу сұралады. Сондай-ақ, көліктерін, мейілінше ағаштардың астына қалдырмау ескертілді.

Туристерге тауға саяхаттау жоспарын кейінге қалдыру сұралады, таулы аймақтарда да ауа райы мінез танытып, қолайсыздықтар туындайды деп күтіледі.

"112-ден" түскен хабарландыру мен бұқаралық ақпарат құралдарының, теледидардың, радионың ескерту түріндегі хабарламаларын назардан тыс қалдырмаңыздар!- деп мәлімдеді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.