Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Амангелді Айталы өмірден өтті

21 желтоқсан 2022, 09:38

Белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор Амангелді Айталы өмірден өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Қаралы хабарды Ерлан Саиров әлеуметтік желіде жазды.

 

- Амангелді Айталы ағамыз мәңгілікке аттаныпты. Парасаты мол, рухани тұңғиық азамат еді. Қазақтың рухани әлемін дамытуға өлшеусіз еңбек сіңірген қайраткер Амангелді Айталы ағамыздың туған-туыс, жақын- жекжаттарына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болсын, ағамыздың! – деп жазды Ерлан Саиров.

Амангелді Әбдірахманұлы Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте Ресейдің Астрахан облысы Володарск ауданына қарасты Болдырево ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Атырау педогогикалық институтын, 1967 жылы ҚАЗҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған. Философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы.
Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Философия ғылымының докторы, профессор. Ұзақ жылдар білім және ғылым саласында қызмет еткен. 1999-2004 жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007 жылдардағы үшінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің депутаты. Бірнеше ғылыми-көпшілік кітаптардың және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы.
«Құрмет» белгісі, «Парасат» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің гамотасымен марапатталған.