Антикор Ербол Назарбаевтың қызметінен босатылғанын хабарлады

03 мамыр 2022, 09:51

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамдық желілерде таралып жатқан видеоға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«2022 жылғы 26 қаңтарда Агенттік Төрағасының бұйрығымен Е.Назарбаев Агенттіктің Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

2022 жылғы 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылды», - делінген хабарламада