Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

04 қаңтар 2023, 12:33

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Президенті баспасөз қызметінің телеграм арнасына сілтеме жасап.

Оралов Асхат Раздықұлы 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Білімі:

Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университеті.

Еңбек өтілі:

Әр жылдары Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген.

2014-2016 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2016-2017 ж.ж. – Астана қаласының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысының м.а.

2017-2018 ж.ж. – «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.

2018-2019 ж.ж. – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

2019-2020 ж.ж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2020-2021 ж.ж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі.

2021-2022 ж.ж.– Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.