Астанада Халыққа қызмет көрсету орталығының жанынан өтіп бара жатқан жүргізуші ондаған метрге созылған кезекті видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгердің айтуынша, Сауран көшесінің бойындағы ХҚКО-да ресейліктер сап түзеп тұр. Адамдар жол бойында тұр. Кейбіреулер өздерімен бірге кофе мен тамақ та әкелген.
Айта кетейік, бүгін Астанада ауа райы салқын, жаңбыр жауады, ауа температурасы 13 градус.