Ауа райы: бүгін еліміздің қай өңірлерінде жаңбыр жауады

27 сәуір 2022, 08:43

Синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

 
«Республика аумағының басым бөлігінде ашық, жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. ҚР бойынша жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды, дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болып, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.  

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, орталығында, Алматы облысының шығысында жел 15-22 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.