Әуезов ауданында биыл 19 шақырым көше жөнделеді

26 қаңтар 2023, 11:42

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Былтыр ұзындығы 27 км болатын 22 көше орташа жөндеуден өтті, 75 көше учаскесіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Ұзындығы 6,8 км болатын 33 учаскеде тротуар салынды, биыл ұзындығы 19 км болатын 22 көше мен 9 өтпелі жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Өткен жылы 6 көшеде 14 жаңа бағдаршам орнатылды. Тұрғындардың өтініші бойынша Саин, Қабдолов және Төле би көшелерінде 5 жаңа аялдама орнатылды.

Былтыр ТЖ желісі бойынша ауданның 7 проблемалық учаскесінен – Төле би көшесі, Райымбек даңғылы бойындағы үнемі су басатын 5 учаске жойылды.

«Жұбанов көшесіндегі ұзындығы 3,5 км канал тазартылып, жөнделді, сонымен қатар, Момышұлы көшесінің бойында ұзындығы 1,4 км жаңа су бұру каналы салынып, оған арық желілері қосылды. Бұған қоса, 2,4 км жаңа арық желісі салынды. Қазіргі таңда Абай даңғылы мен Момышұлы көшесіндегі 2 учаскеде жұмыстар жүргізілуде», - деді қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуде.