Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әйелдердің университетте оқуына тыйым салынды

21 желтоқсан 2022, 09:48

Ауғанстанда (Қазақстанда экстремистік деп танылған және тыйым салынған) биліктегі Талибан қозғалысы ауған әйелдерінің бұдан былай университетте оқи алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әйелдердің университеттерге кіруіне шектеу бірден күшіне енеді және бұл шектеудің қанша уақытқа созылатыны белгісіз, делінген елдің білім министрлігі таратқан мәлімдемеде.

Ауғанстандағы әйелдер үнемі білім алу мүмкіндігінен айырылады.

Өткен жылы тәліптер қыздардың орта мектептерге баруына тыйым салған.

Биыл наурыз айында тәліптер қыздар мектебінің жақын арада ашылатыны туралы бірнеше хабарлама жібергеннен кейін шетелдік үкіметтердің сынына ұшырап, ақыры оларды жабулы күйінде қалдырды.

Ауғанстан ЖОО-на оқуға түсу емтиханы үш ай бұрын өтті. Оқуға түскендер арасында мыңдаған қыздар бар.

Бірақ олар оқи алатын пәндер мен мамандықтарға қатаң шектеу қойылған: әйелдерге ветеринария, инженерия, экономика және ауыл шаруашылығы мамандықтарын меңгеруге тыйым салынды, ал журналистикаға қатаң шектеу бар.

Өткен жылы Талибан Ауғанстандағы билікті басып алғаннан бері университеттер бөлек оқу ақысын енгізіп, ерлер мен әйелдер оқуға бөлек есіктен кіретін болған.

Сонымен қатар, әйелдерге белгілі бір жастан асқан басқа әйелдер немесе ер адамдар ғана сабақ бере алатын.

Қараша айында Кабулдағы әйелдерге қалалық саябақтарға кіруге тыйым салынды. Талибан мұндай әрекеттер шариғат нормаларын бұзады деп есептейді.

Шамамен сол уақытта Ауғанстан астанасында әйелдерге бассейндер мен спорт залдарына баруға болмайтыны хабарланды.