Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Балалар тәттілеріне азот диоксиді қосылады

19 желтоқсан 2022, 13:12

Қазнет қолданушылары балалар тәттілеріне өте улы зат – азот диоксидін қосатыны туралы жазды. Мұның бәрі өтірік, - деп хабарлайды Alashainasy.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Азот диоксиді – иісі өткір қоңыр газ немесе сарғыш-қоңыр сұйықтық. Бұл зат күшті тотықтырғыш болып табылады. Ол сумен, жанғыш материалдармен және тотықсыздандырғыштармен әрекеттесіп, азот қышқылы мен азот оксидін шығарады.  Азот диоксиді тамақ өнеркәсібінде мүлдем қолданылмайды. Тыныс алған жағдайда ол өкпеге зақым келтіруі мүмкін, ал жұтқан кезде ауыз бен тамақ күйіп кетуі мүмкін.

Өнімнің кейбір түрлерін буып-түю үшін азотты қолдануға болады. Бұл азот диоксиді емес. Азот формуласы N, ал азот диоксиді NO2. Азот – түссіз улы емес газ. Ол Жер атмосферасының көп бөлігін құрайды. Біз тыныс алатын ауа 78% азоттан және тек 21% оттектен тұрады. Бұл азоттың қауіпсіз екенін дәлелдейді.

Тамақ өнеркәсібінде азот E941 тағамдық қоспасы ретінде белгіленеді. Бұл газ печенье мен чипсы пакеттерін толтыру үшін қолданылады. Азот басқа тауарларды орау үшін де пайдаланылады. Ол өнімдердің бүлінуіне жол бермейді және олардың балғындығы мен түрін сақтауға мүмкіндік береді. 

Демек, балалар тәттілеріне улы азот диоксидін қосады деген ақпарат – фейк.  Азот диоксидінің иісі өткір және тыныс алған жағдайда ол өкпеге зақым келтіреді. Азот диоксиді тамақ өнеркәсібінде қолданылмайды.