Бір тәулікте адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

14 мамыр 2022, 11:08

Өткен тәулікте Қазақстанда 5 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

 
Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі еліміздің екі қаласында тіркелді. Атап айтқанда, біреуі Нұр-Сұлтанда, қалған төртеуі Алматыда.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 636 жетті.

Сондай-ақ, еліміз бойынша 258 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Сонымен, осы дерттен сауыққандар саны - 1 291 748.