Қазақстандықтар 2ГИС картография қызметі қосымшасын пайдалануда қиындықтар пайда болғанын жазып жатыр. Карта браузерде қолжетімсіз. Ақпаратқа компанияның баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақаулар 2gis.kz сайтына кіру кезінде де, сайттың орыс тіліндегі нұсқасына ауысқанда да байқалады.
"2ГИС қызметтері уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. 2ГИС жүйесіне күшті DDoS-шабуылы жасалып жатыр, сондықтан 2gis.ru және қолданбалардағы кейбір қызметтер жұмыс істемейді. Біз қызметтерді қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз, бірақ әзірге нақты уақыт кестесін айта алмаймыз - мұндай күшті шабуылға бірінші рет тап болдық", - деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.
Қызмет әкімшілігі бұл жүйе жақын арада жөнделеді деп сендірді.