Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Екібастұзда жеке секторда уақытша жылу болмайды

29 желтоқсан 2022, 11:40

Жылу желілерінде жоспарлы және апатты жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС  мәліметінше, компания мамандары 29 желтоқсанда құбырды ауыстыру үшін Сейфулин көшесі, 40 мекенжайындағы орамішілік жылу желісін өшіреді.

— Осыған байланысты сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Сейфулин көшесі, 32, 36, 38, 40, 42 мекенжайындағы жеке тұрғын үйлерге жылу берілмейді, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ сол күні сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін анықталған ақауларды жою үшін Целинная көшесі, 46-48 бойындағы орамішілік жылу желілері жабылады. Осыған байланысты Целинная көшесі, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56 бойындағы жеке тұрғын үйлерде жылу болмайды.


 
Сонымен қатар, 29 желтоқсанда ақау салдарынан Воскресенский өткелінен Абай көшесі, 2, 4 мекенжайларында сағат 17:00-ге дейін орамішілік жылу желісі ажыратылды. Бұл кезде Абай көшесі, 2, 4, 6, 8, 10 жеке үйлер жылусыз қалады.