Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Екібастұзда ұлы 15 жыл көрмеген анасын тапты

21 желтоқсан 2022, 11:24

Екібастұзда еріктілер 15 жыл бұрын бір-бірінен ажыраған ұлы мен анасын кездестіруге көмектесті, - деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

Игорь балалар үйінде тәрбиеленді, анасы ата-ана құқығынан айырылды. Осыған қарамастан жігіт анасын табудан үмітін үзген жоқ. Сол үшін ол "Вита" жасағының еріктілерінен көмек сұраған.

Әйелді табу үшін біраз уақыт қажет болды, бірақ көптен күткен кездесу өтті. Еріктілер Instagram-парақшасында әсерлі сәттің видеосын жариялады.

"Бірнеше ай бұрын екібастұздық еріктілерге анасын табуға көмектесуін өтінген жігіт жүгінді. Әйел ата-ана құқығынан айырылып, бала жетімдер үйіне түскен. Соған қарамастан Игорь анасын көргісі келген. Жігіттің айтуынша, Екатерина Александровнаның соңғы тұрған жері - Екібастұз қаласы, сондықтан ол жергілікті еріктілерге жүгінген", - деді іздеуге көмектескен еріктілер.


Еріктілер ұлы мен анасының кездесуін жаңажылдық ғажайып деп атайды.

"Біздің еріктілерге әйелді табу үшін біраз уақыт қажет болды, оны іздеу туралы бейнероликті жергілікті телеарналар және біз әлеуметтік желілер арқылы тараттық. Ғажайып сәт жетті - 15 жылдан кейін көптен күткен кездесу болды. Әйелдің әрекеті мен баланың жетімдер үйіне түсуінің себебін бағалайтын біз емес. Бір нәрсе анық: олар бұл кездесуді асыға күтті. Жаңа жыл қарсаңында жігітке ғажайыпқа сенуге көмектескенімізге қуаныштымыз", - дейді іздеушілер.

kaz.tengrinews.kz